Атмосфераның қабаты


1. Атмосфера

Орындаған :Байген Н.П
Алматы 2016

2.

*Атмосфера — жердің ауа
қабығы. Атмосфера – ауа,
химиялық қоспалар мен су
буынан тұратын күрделі жүйе.
Ол биосферадағы физикохимиялық және биологиялық
процестердің жүріуінің шарты
және метеорологиялық
режимнің маңызды факторы.
Атмосферадағы жекелеген
құрамдастардың қатынасы
оның радиатцияға, жылу және
су режиміне, өздігінен
тазартуға қабілетін
анықтайды.

3.

* Атмосферадағы
жекелеген құрамдастардың
қатынасы оның радиатцияға, жылу және су
режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін
анықтайды. Атмосфераның газдық құрамы,
су буы және әр түрлі қоспалар жер бетіне күн
радиациясының өту деңгейін және жер маңы
кеңістігіндегі
жылуды
ұстап
тұруды
анықтайды. Егер атмосферада қоспалар
болмаса, онда жер бетіндегі орташа жылдық
температура +15º С емес, -18ºС болар еді.
Атмосфераның орташа қалыңдығы — 150 км.
IKAZ.KZ — ашық мәліметтер порталы

4.


Атмосфераның төменгі шекарасы жер
беті болып табылады. Оның төменгі
қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін
көміртегінен,
аргоннан,
сутегіден,
гелийден тағы басқа газдардан тұрады.
Бұған су буы да араласады. Атмосфера
түсінің
көк
болып
келуі
газ
молекулаларының
жарық
сәуле
шашуына байланысты. Жоғарылаған
сайын атмосфера бірте-бірте сирей
береді,
қысымы
төмендеп,
оның
құрылысы да өзгереді.
IKAZ.KZ — ашық мәліметтер порталы

5. Атмосфера құрамы

* Атмосфера 3 қабаттан тұрады.
* Тропосфера
* Тропосфера (көне грекше: τρόπος — «бұрылыс», және көне
грекше: σφαῖρα — «шар») — ауаның жер бетіне жақын ең тығыз
шоғырланған қабаты. 12 км биіктікке дейінгі атмосфераның
төменгі қабаты. Тропосфера — бүкіл ауаның 45 бөлігі.
Тропосферада бұлт, жауын-шашын, жел және тағы басқа
құбылыстар орын алып отырады.
IKAZ.KZ — ашық мәліметтер порталы

6.

* Стратосфера
* Стратосфера (лат. stratum — «қабатталған»)
— тропосфераның
үстінен 80 км-ге дейінгі биіктікте орналасқан атмосфера қабаты.
Бұл қабат бүкіл атмосфера салмағының 20%-ын құрайды.
Мұнда күннің ультрафиолетті сәулеленуін күшті сіңіретін озон
қабатының болуына байланысты жоғарыдан келетін
температураның төмендеуі тоқталады.


км биіктік шамасына
дейін температура өзгермей 50° шамасында сақталып тұрады,
ал одан әрі қарай биіктікте біртіндеп жоғарылай отырып, 60 км
биіктікке барғанда тіпті 75°-қа дейін артады. Статосферада су
буы және бұлт атаулы мүлдем дерлік болмайды. 1951 жылы
халықаралық келісім бойынша стратосфера деп тек 40 км
биіктікке дейінгі қабатты атап, ал 40-тан 80 км-ге дейінгі
қабатты мезосфера (орта қабат) деп атау керектігі келісілді.
Стратосферада озон қабаты түзіледі.
IKAZ.KZ — ашық мәліметтер порталы

7.

*Мезосфера
*Мезосфера
(гр. mesos — « ортаңғы» және гр.
σφαῖρα — «шар») — атмосфераның 50 — 80
километр
биіктіктегі
ортаңғы
қабаты.
Стратосфера (мезосфера асты) мен ионосфера
(мезосфера үсті) қабаттарының аралығында.
Мезосферада жоғарылаған сайын температура
төмендей береді: 50 километр биіктікте 70°С
шамасында.
IKAZ.KZ — ашық мәліметтер порталы

8. Атмосфераның жылынуы

* Күн энергиясы — Жер шарындағы
Атмосфераның қырынан көрінісі. Бұл
көрініс атмосфераның қабаттарын
IKAZ.KZ — ашық мәліметтер порталы
көруге мүмкіндік береді
тіршіліктің арқауы және көптеген
табиғи процестердің қозғаушы
күші. Жер шары Күннен жылына
5628 -1021 Дж/см2 энергия алады,
бұл жалпы күн энергиясының 2
миллиардтан бір бөлігі ғана. Соған
қарамастан бар болғаны 36 сағ
ішінде Күннің Жерге беретін
жылуының мөлшері
дүниежүзіндегі барлық
электрстансыларының жыл бойы
өндіретін энергиясына пара-пар
болады.

9. Атмосфераның қасиеттері және оның адамға әсері


* Атмосфераның маңызды қасиеттеріне оның жылдам араласуы
мен үлкен ара қашықтыққа орын ауыстыруы, басқа
сфералармен, әсіресе мұхитпен байланысы жатады. Мұхитпен
жанасуы нәтижесінде мұхит атмосферадағы көміртегінің қос
оксиді мен оксидін, күкіртті газ және басқа қосылыстарды
сіңіреді. Атмосферадағы қосылыстардың басым бөлігін
өсімдіктер сіңіреді және зат алмасудың топрақ звеносына кіреді.
Жылдам араласқыш қасиеті мен оның ластануды таратуы,
сонымен қатар локальді ластануды ғаламдық ластануға
айналдырушыфактор болып табылыды. Адам атмосфераның
әр түрлі параметрлеріне және қасиеттеріне, оның химиялық
құрамына, жылу режиміне, орын ауыстыру, радиоактивтілік,
электромагниттік фон және т.б. әсер етеді.
IKAZ.KZ — ашық мәліметтер порталы

10.

* Ерте кездерден ақ ауаның ластануына қарсы шаралар қолға
алына бастады. XVIIIғасырда Англияда ірі қалаларда,
Лондонда, көмірді отын ретінде қолдануға шектеу қойылды.
Осы кездерден бастап жер үсті суларының ластануына қарсы,
мысалы тұрмыстық қалдықтармен, шарлар қолдана бастады.
* Адам ауаның құрамына кіретін негізгі химиялық элементтеразот пен оттегінің концентрациясының өзгермеуі олардың
концентрациясының жоғары ( азот-78,09%, оттегі- 20,95%)
болуына байланысты.


рақ мұны біз көмірқышқыл газына
қатысты деп айта алмаймыз.Оның концентрациясы біртіндеп
артып келеді, бұл көмірқышқыл газының атмосферада аз балу
жағдайында келін түскен мөлшерінің анағұрлым жоғары
болуына байланысты.
IKAZ.KZ — ашық мәліметтер порталы

11.

* Сонымен қатар атмосфераның міндетті емес
заттарының конценрациясы елеулі өзгеріске
ұшырауда. Бұларға ең алдымен көптеген
ластаушылар, соның ішінде тіршілік үшін бөгде
заттар жатады. Адам қызметінің нәтижесінде
атмосфераға атамосфера үшін бөтен немесе
атмосфераға тән заттардың концентрациясының
өзгеруіне байланысты ластаушы зат болып
табылытын жүздеген заттар келіп түседі. Адамның
атмосфераға әсерінің байқалуы, оның биосфералық
процестерге белсенді түрде араласа бастауынан,
орманды жою, жерді жырту, эрозия, құрғату, суару,
қалалар мен өндіріс орындарын және т.б. салу
нәтижесінде басталады.
IKAZ.KZ — ашық мәліметтер порталы

12. Атмосфераның құрамы және маңызы

* Атмосфера — Жер шарының ауа
қабығы, ол салмақ күшіне
байланысты ғаламшармен бірге
айналып, қозғалысқа түседі.
Жалпы массасы 5-1015 т
шамасында болатын атмосфера
түрлі газдардан, су тамшылары
мен шаң-тозаңнан тұрады.
Атмосфераның төменгі бөлігі Жер
бетімен шектесіп жатыр. Ал
жоғары шекарасы ретінде соңғы
ғылыми деректер бойынша 1000
км биіктік алынады, бұдан әрі
қарай ауа өте сиреген күйде
болады.
IKAZ.KZ — ашық мәліметтер порталы

13.


* Шамамен
100 км-ге дейінгі биіктік аралығында ауа
құрамы мынадай газдардан: азот — 78%, оттек — 21%,
инертті газдар — 1%-ға жуық (оның 0,93%-ы аргон),
көмірқышқыл газынан — 0,03%-ы тұрады. Ауа
құрамындағы криптон, ксенон, неон, гелий және сутек
газдары өте аз мөлшерде болады. Атмосфераның төменгі
қабатында ауа құрамы салыстырмалы түрде тұрақты
болады, тек өнеркәсіпті аудандар мен ірі қалалар үстінде
көмірқышқыл газының үлесі он есеге дейін артуы
мүмкін. Лас ауаның құрамында бөгде қосылыстар да
кездеседі. Шамамен 200—1000 км биіктікте ауа
құрамында оттек басым, ол ультра- күлгін сәулелер
әсерінен атомдарға ыдыраған күйінде болады. 1000 кмден биікте сиреген атмосфера негізінен гелий мен
сутектен турады, сутек зарядталған атомдар күйінде
таралған.
IKAZ.KZ — ашық мәліметтер порталы

14.

* Атмосфера
құрамындағы әрбір газдың атқаратын қызметі
бар. Азот нәруызды (белок) заттар мен нуклеин қышқылдарының
құрамына енеді, ал оның қосылыстары өсімдіктерді Минepaлды
қорекпен қамтамасыз етеді.


тексіз тірі организмдердің тыныс
алуы мүмкін емес, сондай-ақ жану мен тотығу процестері де
жүрмейді. Жасыл өсімдіктер көмірқышқыл газын пайдаланып,
органикалық заттар түзеді. Атмосфера газдары тау жыныстарының
химиялық үгілуіне қатысады. Ал шамамен 25—30 км биіктіктегі
озон қабаты Күннен келетін ультра-күлгін сәулелерді ұстап қалу
арқылы тірі организмдерді бұл сәулелердің зиянды әсерінен
қорғайды. Ауа құрамындағы жай көзге көрінбейтін су булары белгілі
жағдайда су тамшылары түрінде бөлініп шығып (конденсациялану),
олардың тұтасуынан бұлттар қалыптасады. Атмосфераның
құрылысы. Биіктеген сайын ауаның физикалық қасиеттері
(температурасы, тығыздығы, қысымы және т.б.) өзгереді, сондықтан
атмосфераны тропосфера, стратосфера, жзосфера, термосфера,
экзосфера деп аталатын қабаттарға бөледі.
IKAZ.KZ — ашық мәліметтер порталы

15.

* Атмосферада
күн сәулелерін озон, көмірқышқыл газы мен
бұлттар, су тамшылары мен шаң-тозаң жұтады. Жалпы алғанда,
атмосферада Күннен келетін радиацияның 15—20%-ы
жұтылады. Осылайша күннің сәулелік энергиясының біразы
атмосферада жылуға айналса, басым бөлігі жер бетін жылытуға
жұмсалады. Кез келген қызған денелер жылу бөлетіні сияқты,
жер бетінен көтерілген жылу атмосфераның төменгі қабатын
жылытады. Жиынтық радиацияның кері шағылу мен жер
бетінің жылулық сәулеленуіне жұмсалғаннан қапған бөлігін
радизциялық баланс немесе қапдық радиация деп атайды.
Радиациялық баланс мөлшері экватордан полюстерге қарай
кемиді. Қоңыржай ендіктерде қыс кезінде радиациялық баланс
теріс мәнге ие, ал экватордан, шамамен, 40′ ендіктер
аралығында бұл көрсеткіш жыл бойы оң болады.
IKAZ.KZ — ашық мәліметтер порталы

16.


*Ауа
температурасының атмосферада таралуы мен онъщ
үздіксіз өзгерістері атмосфераның жылу режімі деп
аталады, ол атмосфера мен қоршаған орта арасындағы
жылу
алмасуы
нәтижесінде
жүзеге
асады.
Тропосферада жұтылған радиация тәулігіне ауа
температурасын 0,5°С-ка ғана жоғарылата алады.
Сондықтан атмосфераның жылу режімінде атмосфера
мен жер беті арасындағы жылу мен ылғал алмасуы
маңызды рөл аткарады. Ауа температурасының
өзгеруіне Жер шарының басқа бөліктерінен келетін ауа
массаларының келуі (адвекция) де әсер етеді. Бұл
туралы келесі тақырыптан таныса аласыңдар.
IKAZ.KZ — ашық мәліметтер порталы

17.

*Атмосфера құрамында жалпы көлемі 13 мың км3 болатын
су буы бар, оның атмосферадағы үлесі ұдайы өзгеріл
отырады.
Ауаның
ылғал
сыйымдылығы
оның
температурасына байланысты болады. Температурасы
неғүрлым жоғарылаған сайын ауа өзінің құрамында
соғұрлым көп су буын ұстай алады, ал суық ауа ылғалға
қанығу шегіне аназғұрлым жылдам жетеді. Жылы,
ылғалды ауа жоғары көтерілген кезде суының,
конденсацияланады. Яғни, ауа құрамындағы су буы
бөлінен шығып, тамшы күйіне өтеді. Су тамшылары мен
мұз
кристалдарының
тұтасуынан
бұлттар
пайда
болатынын білесідцер. Су буынын конденсациясы жүзеге
асатын ауа температурасын шық нүктесі деп атайды
IKAZ.KZ — ашық мәліметтер порталы


Источник: ppt-online.org

Атмосфера деген атау гректің екі сөзінен: atmos –ауа және phaira-шар,алынған. Көбіне өзіміздің тіршілігімізде қолданытынауаны біз атмосфера деп атай береміз. Бірақта, бұл ұғым дұрыс емес, себебі ауа атмосфераньң  негізгі бөлігінің бірі ғана. Атмосфера әр түрлі газ, су буы және ауа тозаңы бөлшектерінің қоспаларынан тұратын Жердің газ тәрізді қабыкшасы. Ауа осы газды қабаттың жреге жақын орналасқан бөлігінде шоғырланады және бұл ең тығызды  қабат болып саналады. Жоғары биіктікке көтерілген сайын  атмосфералық қысым төмендеп отырады:

Биіктік (км)      0       1      2       3       4       5        20          50        100
Қысым  (мм)  760   671   593   524    463    405    41,0        0,40     0,007

0С  кезіндегі биіктігі 760 мм сынап бағынасына тең ауа қысымы  өлшем бірлігі болып саналады. Интернационалдық жүйе бойынша км – 101 , 325 кПа-ға  тең. Атмосфераның  жалпы массасы 5,51.10/15 тоннаға  (500 тирллион т) жуық, оның ішінде оттекке клетіні 105 триллион тонна, жыл сайын жұмсалатын оттектің мөлшері 0,01%.


анетедағы оттекті тірі заттектер 5200-5800 жылда тоық жаңартады. Ал оның барлық массасы тірі организмдер арқылы  шамамен 2000 жылда өтеді. Атмосфералық көмір қышқылының тірі организмдер арқылы өтуі 300-395 жыл аралығында.
Атмосфераның құрылысы мен құрамы. Атмосфера жер бетінен жоғары қарай шамамен 3000 км-ге дейін созылады. Жоғарылаған сайын атмосфера-ның химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері өзгереді. Температураның өзгеруіне байланысты атмосфера бірнеше қабаттарға (сфераларға) бөлінеді.
Жер бетіне ең жақын орналасқан қабатты тропосфера деп атайды. Бұл қабат жер белдеулерінен 7-10 км-ден (полярлық бөліктерде) 16-18км (экватор үстінде ) биіктікке дейін созылады. Бұл қабатта ауаның 80%-ке дейін жинақталады. Тропосферадағы ауа әр түрлі бағытта  әр түрлі жылдамдықпен үнемі тәртіпсіз қозғалып, өзгерып отырады. Қозғалыс нәтижесінде құрғақ ауа ылғалды  ауамен, жылы ауа салқын ауамен алмасып тұрады. Негізгі бұлттардың түзелетін  жері жылы қабат. Циклондар мен антициклондар осында өрбіп, өшіп отырады. Осыған қарай жер бетіндегі ауа райы тропосфераға қатынасты.
Атмосферадағы бөлшектср өздері таралған кеңістікте толассыз козғалыста болғандықтан, көлемі мен пішінін сақтамайды. Сондыктан ауаның белгілі бір жерде қысымы артса, қысымы аз жаққа ауысып отырады. Ауаның осындай козғалысынан жел пайда болады. Жер бетінен әр шақырымға көтерілген сайын ауаның температурасы 6,5 «С төмендеп  отырады да, ал 18-20 км биіктікте төмендеу тоқтатылып, температура тұрақталады, шамамен — 56 «С болады.

мосфераның бұл бөлігін тропопауза дсп атайды.
Жер бетінен 20-50 км биіктікте орналасқан келесі кабат –стратосфе-ра. Ауаның қалған бөлігі осы кабатта болады, жел екпіні төменгі кабаттармен салыстырғанда мұнда оте баяу келеді. 25 км биіктіктен кейін бұұл кабаттың жоғары бөлігінде әр шақырымға көтерілген сайын температура орта есеппен 6 «С-ге жоғарылап отырады. 46-54 км биіктікте орналаскан аралық стратопауза кабаты, онда температура 0 «С шамасында.
Атмосфераның 55-80 км биіктігінде орналасқан кабат — мезосфера. Бұл қабатта әр шақырымға жоғары көтерілген сайын температура 2-3 «С-ге төмендеп отырады. Келесі мезопауза деген қабатта түрақталған температура мөлшері 75 — 90 «С шамасында.
Жоғарыда қаралған кабаттардың үстіндегі атмосфера қабатында газ молекулаларының иондарға ыдырау қабілеті өте жоғары болғандықтан, оған ионосфера деген атау қолданылады. Бұл қабаттың калыңдығы бірнеше мыңдаған км-ге дейін созылады. Атмосфера қабатының нақты шекарасы аныкталмаған. Жер серікіері мен ракеталар арқылы алынған деректер бойынша атмосфера 10-20 мың км биіктікке дейін жайылған. Атмосфераның ең үстіндегі қабатын экзосфера деп атайды. Атмосфералық газдардың экзосферадан әлем кеңістігіне шашырай бастауына байланысты, осы қабатты планета аралық кеңістік деп те есептейді.
Атмосфераның химиялық құрамы 90 км биіктікке дейін тұрақты. Күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен 90′ км-дейін  жоғары жатқан атмосфера кабаттарында бұл тұрақтылық бұзылады, осыған орай оның химиялық кұрамы да тұрақсызданады.
Жер бетіне ең жақын орналасқан атмосфералық ауаның құрамы  күрделі. 400-600 км  биіктікке  дейінгі  атмосфераньң құрамы  1-ші кестеде келтірілген көрсеткіштермен сипатталады.
Космонавтар ( Сагдаев, Зайцев 1975ж) жүргізілген зерттеулер нәтижелеріне сүйенсек, 250-300 км биіктікте атмосфераның негізгі компоненті атомарлық оттек, 500-600 км-гден  жоғары биіктікте атмосфераның негізгі құрамы – гелий мен сутек,  атмосфераның  ең  сыртқы жоғарғы қабатын (1600 км жоғары) құрушы  компонент автомарлы сутек.
Ауаны көп  компоненттен тұратын газды ерітінді деп айтуға болады. Оның  құрамдық бөлімдерін негізгі үш топқа бөлуте  болады: тұрақты өзгеріп тұратын және   қосалқы. Біріншіге оттек (21,0 %) , азот (78,1% ) және инертті газдар (шамамен 1%) жатады.ауа сынамасының қай жерден алсақ-та осы газдардың атмосферадағы көлемі тұрақты болып келеді. Жалпы молекулалык. массасы (28,98). Екінші топқа көмір  қышкыл газы (0,02 — 0,04%) мен су буы (4% –ке дейін) жатады. Ал қосалқы компоненттердің табиғаты және мөлшері сынама алынған жер бетінен көтерілген( жану процесстерінде және вулкандар атылғанда  түзілген заттар, топырақ бөлшектері, т.б.), космостан түсетін қатты бөлшектер, сондай-ақ, әртүрлі өсімдіктер, жәндіктер мен микроорганзмдер жатады.
Атмосфераны  сарқылмайтын азот қоры деп айтуға болады. Азот айырбасқа жатпайтын биогенді элемент, себебі ол белоктар мен нуклеин қышқылдарының құрамына кіреді. Бірақ-та тірі организмдер атмосферадағы азотты өзінің тіршілігіне бос күиінде емес, тек әртүрлі қозғалыс түрінде ғана пайдалана алады. Экожүйе атмосфералық азотты көбінесе найзағай кезінде элекрт өрісінің әсерінен түзілетін оксид түрінде ғана қабылдайды. Сулы ортада немесе топырақта болатын кейбір бактериялар түрі мен көкшіл-жасыл балдырлар атмосфераның азотын өз бойына сіңіру арқылы  жинақтап биогеохимиялвқ циклдарға қажетті түрге айландырып отырады. Осымен қатар өсімдіктерге қажетті азот қосылыстары топырақтағы оргнаикалық қалдықтардың ыдырауынан да пайда болады. Табиғатты азот алмасу процесі көміртек алмасу процесімен тығыз байланысты.
Адамның шаруашылық іс- әрекетінің салдарынан көшктхана эффектісі, озон қабатының бұзылуы, қышқыл жаңбыр, тұмша сияқты қолайсыз құбылыстар тудыратын метан, азот оксидтері, т.б. газдардыңмөлшері өсуде. Атмосфера мен жер бетінің арасында жылу, ылғал және химиялық элементтер тұрақты алмасып отырады. Атмосфера арқылы жердің ғарышпен заттектер айналымы іске асады. Атмосфера мен жер беті арасында жылу мен ылғалдың алмасуы тұрақты болады. Оттектен, көмірқышқыл газынан, азоттан басқа ластушы компоненттерін атмосферда көп мөлшерде ьолуы биогеохимиялық циклдардың бұзылуына әкеп соғады. Атмосфера ластанған жағдацда жаңбыр суына онда еріген азот және күкріт оксидтері, тұздар қосылып ерітінді түзеді де «қышқыл жаңбыр» немесе « тұзды жаңбыр» жауады, тұмща да орын алады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       
Өнсркәсіпте және көлікте отын жанған кезде түзілетін азот оксидтері ( N2O. NO. NO2).

АТМОСФЕРАНЫ ЛАСТАЙТЫН ҚАУІПТІ КӨЗДЕРДІҢ БІРІ.  Күн сәулесінің  әсерінен олар күрделі химиялық реакцияға қатысып, нәтежиесінде уытты фотооксидантты (озон, азот қышқылы) түзілуіне үлес косады. Атмосферада азот оксидтерінің фотооксиданттардың концентрациасы жоғары болған кезде адам улануы мүмкін. Соның салдарынан өкпесі ісінеді, сілемейлі қабығында жара пайда болады, басы ауырады, ұйқсы қашады. Құрамында азоты бар  зиянды шығындылардың мөлшерін іштен қанатын қозғалтқыштар шығаратын газды жағу үшін каклизатор қолданып, ал өнеркәсіпкәсіпорындардың түтін шығаратын құбырларында азоатсыздандыратын қондырғыларды орнату арқылы азайтуға болады.
Ауадағы зиянды заттектердің мөлшері олардың турбулентті ағыспен шашырауына, жауын-шашынға немесе гравитациялык күш арқылы төмен түсуіне байланысты. Атмосфераның ластануы мен негізгі биогенді элементтер айналымы арасында анық байланыс бар.
Атмосфераны ластайтьн заттектерді топтастыру.
Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда  болған және ортаны ластайтын кез-келген физикалық агенттерді, химиялық  затгектерді  және   биологиялык  микроорганизмдерді ластағыштар  деп атайды.
Ластағыш заттектердің коршаған ортаға әсері физикалық, химиялық қасиеттеріне, олардың ыдырауы арқылы пайда болған  өнімдердің қасиеттеріне және қоршаған ортаға тасталған әр тү рлі өндіріс шығарындыларының мөлшеріне байланысты. Ластағыштардың  атмосферада таралуын анықтайтын ең негізгі параметрге  олардың атмосферада болатын уақыты жатады. Осыған байланысты ластаушы заттектердің өзі немесе шығарындылар үш түрге бөлінеді:
* әлемдік көлемде ластайтындар — кай жерде шығарылса да  қоршаған ортада әлемдік аумақта тарайтын кабілеті барлар,  атмосферада көп уақыт бойы  (бірнеше жыл немесе айлар)  сақталатьн шығарынды (тастанды) заттектер (көмір кышқыл  газы, фреондар, жартылай ыдырау мерзімі бір айдан жоғары
радионуклидтср);
* аймақтық. (региондьқ) көлемде ластайтындар (бірнеше мемлекеттердің территориясы немесе бір елдің едәуір әкімшіліктік  бөлігі кіруі мүмкін) — үлкен аймақты ластайтын, бірақ-та оның мөлшері осы жердің шекарасынан асқасын тез төмендегеніне қарамай ластанудың іздік мөлшерде жан-жаққа таралып, шектеулі уақыт (әдетте бірнеше тәулік) бойы атмосферада сақталатын  шығарынды заттектер (күкірт пен азот оксидтсрі, пестицидтер, ауыр металдар);
* жергілікті көлемде ластайтындар (бір жердің шеңбсрінен  аспайтын) — атмосферада аз уақыт қана сақталатын шығарынды  заттектер (ірі дисперсиялык аэрозольдар, күкіртті сутек және басқа заттектер, сонымен қатар жоғарыда келтірілген түрлердің  өкілдері, мысалы, аласа көздерден шығатын күкірттің, азотгың, т.б. оксидтері).
Әр түрлі көздерден шығарындының шығу ұзақтығына байланысты олар үздіксіз және бір дүркінді болып бөлінеді. Апатты жағдайлардағы шығарындылар бір дүркінділер тобына жатқызылады. Атмосфераға газ тәрізді ластағыштар мен аэрозольдар түтін мұржалары, аэрациялық шаң тартқыштар және әр түрлі желдеткіш қондырғылары арқылы тасталады. Биіктігіне карай ластаушы заттектер шығаратын көздер биік (Н > 50 м), орта биіктіктегі (Н = 10-50 м), аласа (Н = 2-10 м), жер үстіндсгі (Н < 2 м) болады'. Ластаушы компоненттердің ауада таралуы мен концентрациясы көздердің биіктігіне байланысты келеді.
Атмосфералық ауаны ластаушы кездер мен ластағыштардың құрамы.
Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (жерде бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы активті түрде), тау жыныстарының үгітілуіне, шанды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының құрғауына, тірі организмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты.
Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни әртүрлі аурулар қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары жатады. Сонымен катар атмосфераны ластайтындар қатарына космос шаң-тозаңын жатқызуға да болады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундына атмосфера арқылы орасан жылдамдыкпен (11-ден 64 км/с дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа кабатынан өтіп отырады, 60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардың болжамына сәйкес тәулігіне жер бетіне 10/18 кішігірім метеорит түседі. Жерді атмосфера үлкен космостық жаркыншактардан да сактайды. Жыл сайын жерге 2-5 млн. т космостык шаң түсіп отырады. Табиғи шаң да Жермен жанасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып жүретін радиустары 1О6-1О’5 м. Табиғи шаң бөлшектерінің тегі органикалық және анорганикалык, олар келесі процестер нәтижесінде түзіледі:                                                                                                                                                                    
* тау-кен жыныстарының және топырақтың бүзылуы мен желмен
* орман, дала және шымтезек өрттері;
* теңіз бетінен судың булануы.
Атмосфераның төменгі қабаттарын шаңмен ластайтын  көзердің, арасында шөлді дала мен басқа да сусыз даланы айрықша  атап кетуге болады.
Атмосферадағы шаң буды суға айналдырумен қатар, күн радиациясын тікелей сіңіреді және тірі ағзаларды күн сәулесінен қорғайды.
Заттектердің биологиялык. жолмен ыдырауы көп мөлшерде күкіртті сутектің, аммиактың, көмірсутектерінің, азот оксидтерінің, көміртектің оксиді мен диоксидінің және т. б. түзілуіне және олардың атмосфераға түсуіне апарады.
Атмосфералык ластануға табиғаттың алапатты қүбылыстарының қосатын үлесі айтарлықтай жоғары. Мысалы, орта есеппен жанартаулардың атқылау нәтижесінде жылына атмосфераға 30-150 млн. т газ және 30-300 млн. т ұсақ дисперсті күл тасталып отырады, тек Пинатубо (Филиппин) жанартауы атқылаған кезде (1997) атмосфера ауасына 20 млн. т күкірт диоксиді шығарылды. Жанартаулар аткылағанда атмосфераға бірқатар фитопатогендік  ативтілігі жоғары химиялық ластағыштар — сынап, мышьяк,  қорғасын, селен түседі. Ірі орман өрттерінің салдарынан да атмосфера көп мөлшердегі шаңмен ластанады. Батыс Сібірде 1915 ж. болған орман өрті 1,5 млн. км2 ауданды қамтып, одан шыккан түтін 6 млн. км2-ге жуық аумаққа таралды.
Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, түрған  ҮЙЛЕРДІ  жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы, т. б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортага әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлсрге бөлуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдыктар, отын, электр энергиясы, су,  қалдықтар, онімдер, атмосферага таралатын шыгарындылар (газ,  бу,ауа тозаңы), энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарык, улыракүлгін, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар және т. б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялык қүрамы отын-энергетика ресурстарының түріне, ендірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өңдейтін технологияға байланысты келеді.

Источник: kitaphana.kz

Жоспар

 

            І. Биосфера құрылысы

1.1. Атмосфера

1.2. Гидросфера

1.3. Литосфера

ІІ. Биосфераның пайда болуы

2.1. Биосферадағы тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар

ІІІ. Биосфера және адамзат

3.1. Биосферадағы алғашқы шегіністер

 

І. Биосфера құрылысы

Биосфера – ерекше биос — өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.

Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернацкий болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.

Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.

 

1.1.            Атмосфера

Атмосфера жер шарын түгелден орап тұрады. Ол гректің «atmos» — бу, «sphairi» (сфера) сөзінен шыққан. Оның қалыңдығы 100 км-ге дейін жетеді. Атмосфераның негізгі құрамында оттегі (20,95 %), яғни 1,5 * 1015 тонна аргон (1,28 %), азот (75,50 %), яғни 3,8 * 1012 тонна және басқадай газдар кездеседі. Атмосфера негізінен – тропосфера, стротосфера және иопосфера қабаттары болып үшке бөлінеді.

Тропосфера – грекше «tropos» (тропос) – бұрылысы, «sphaira» (сфера) – шар. Өзгермелі қабат деген мағына береді. Жер бетіне тікелей жайласқан төменгі тығыз қабаты. Орташа биіктігі 10 * 12 км-ге жетеді.

Стротосфера – латынша «stratum» — төсем, тағы сондай сияқты теңіз деңгейінен 9-11 км жоғары жататын атмосфера қабаты.

Иопосфера – гректің «ion» — қозғалғыш қабат деген сөзінен алынған. Қалыңдығы 800 км-ге жетеді.

1.2.            Гидросфера

Гидросфера – табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 млн шаршы км.

 

1.3.            Литосфера

Литосфера – жердің қатты қабаты. Ол екі қабаттан құралған. Үстіңгі қабаты граниттен, оның қалыңдығы 10 км-ден 40 км-ге дейін жетеді. Ал астыңғысы базольттан тұрады. Қалыңдығы 30-80 км. Жоғарыда айтылғандай минералды қабаттардан басқа, жерді ерекше тағы бір қабат – биосфера қоршап тұрады. Ол тірі органимдер тараған аймақтардың бәрін қамтиды. Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетінде тірі организмдер өсіп-өніп, сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасады. Биосфера теңіз деңгейінен бастап, тау жоталарының шыңдарына дейін бүкіл құрғақ жерді алып жатыр.

Атмосферадағы биосфераның жоғары шегі 20 км биіктікке дейін жетеді. Онда микробтардың споралары (өршігіш тұқымы) кездеседі. Бактериялар атмосфералардың азон қабатында да өсіп-өнеді. Биосферада мол кездесетін микроорганизмдер жер бетінен 50-70 метрге дейінгі биіктікке ғана тарайды.

Литосферадағы биосфераның төменгі шегі 2000 – 3000 м-ге дейін тереңдікке жетеді. Олар онаэробта бактериялар. Гидросферадағы биосфераның шегі 11 км-ге дейінгі тереңдікке жетеді. Теңіз жануарлары және өсімдіктері (қызыл, жасыл, қоңыр балдырлар) үшін су өте қолайлы орта. Таза, мөлдір болғандықтан күн сәулесі оның 200 метр тереңдігіне дейін тарайды. Бұдан кейінгі судың қабаттарын мәңгілік қараңғылық басып тұрады. Мұндай қабаттарда да тіршілік ететін организмдер болады.

 

 

ІІ. Биосфераның пайда болуы

Биосфера бірден пайда болған жоқ. Ол өте көне заманнан бері қарай күні бүгінге дейін біртіндеп дамып келеді. Биосфераның ертеден бері қарай құралып келе жатқанын дәлелдейтін палеонтологиялық материалдар қарапайым тірі организмдердің қалдықтары жер қыртысының әрбір қабаттарынан табылады. Осы қабаттарға сүйене отырып, ғалымдар биосфераның негізгі пайда болу жолдарын аықтады.

Биосфераның ең бірінші заманы Архей деп аталады. Бұл кезде биосфера қандай жағдайда дамығаны және қандай тірі организмдер болғаны туралы ешқандай деректер жоқ.

Протерозой эрасы – биосфераның екінші дәуірі боп есептеледі. Бұл заман 700 млн жыл бойына созылған. Протерозойда тірі организмнің қарапайым түрлері тіршілік еткен. Олардың сол дәуірд тасқа жабысқан қалдықтары әртүрлі тау жыныстарынан қазіргі кезде де байқалады.

Биосфераның Палеозой эрасы немесе ертедегі тіршілік кезеңі. Бұл дәуір шамамен алғанда бұдан 570 млн жыл бұрын басталып, 300 млн жылға созылған. Бұл эра кембрий, ордовик, силур, девон, карбон және пермь дәуірлері болып бірнешеге бөлінеді.

Кембрий дәуірінде барлық өсімдіктер теңіз суларына өскен. Олар көк жасыл балдырлар болатын.

Силур кезеңінде өсімдіктер құрлыққа біртіндеп шыға бастап, дами түсті.

Девонның аяқ кезінде бұлардан басқа қырықбуындылар, плаундар және папоротниктер қаулап өсе бастады. Өсімдіктер құрлыққа шыққаннан кейін фотосинтездің ықпалымен атмосфералық ауаның химиялық құрамы өзгеріп, құрлық жануарларының дамуына жағдай туды, өйткені фотосинтез процесі арқылы ауада оттегі көбейе түсті.

Тас көмір дәуірі (карбон) жылы және ылғалды болды. Мұның өзі құрлық өсімдіктерінің қаулап өсуіне мүмкіншілік жасады. Әсіресе сәнді орман ағаштарының көлемі үлкен аймақтарды қамтыды. Бұл дәуірдегі өсімдіктер негізінен плаундар, қырықбуындар және папоротниктер болды. Бұлар псилофиттен таралып, тас көмір дәуірінің басында солардың орнын түгелімен басты.

Пермь дәуірінің бас кезіндегі өсімдіктерде тас көмір дәуіріндегі өсімдіктерге ұқсас көптеген белгілер болды. Бірақ пермь дәуірінің ортасында жер бетіндегі өсімдіктерге кенет өзгеріс кірді. Ағаш тәрізді плаундар, каламиттер, папоротниктер мүлдем жойылып кетті. Бұлардың орнына жалаңаш тұқымды өсімдіктердің тұқымынан өсіп шыққан қылқандылар, цикада тәрізділер және шикгалар өсе бастады.

Мезозой эрасы немесе орта тіршілік кезеңі бұдан 135 млн жыл бұрын басталып, 115 млн жылдан астам уақытқа дейін созылған. Үш дәуірге бөледі: триас, юра, бор.

Триаста тау құрылу процестері баяуланды. Бұл эраның құрлық өсімдіктері біркелкі болды.

Юра дәуірі жылы болды. Теңіз жағалауларындағы ормандарда папоротник, қырықбуындылар,жалаңаш тұқымдылар – гинасомер, қылқан жапырақтылар қаулап өсіп, дами түсті.

Мезозой эрасындағы, әсіресе соңғы кезінде – бор дәуіоінде, қазіргі флора қалыптасыдан бұрын, жер бетіндегі органикалық тіршілікке үлкен өзгеріс енді. Осы кезде теңіз сулары азайып, құрғақ жерлер көбейе бастады. Бор дәуірінің аяғында Шығыс Азия мен Америкадағы Анд аймақтары жоғары көтеріле түсті. Бор дәуірінде климат кенет өзгеріп кеткен. Профессор М.И. Голенкин бұл өзгеріс жерге түсетін күн сәулесінің интенсивті болуымен байланысты деп жорамалдайды.

Ауа райының бір мезгілде кенет өзгеруі өсімдіктер эволюциясында жаңа ароморфоз пайда болуына себеп болды. Бұларда көптеген жаңа прогрессивті белгілер жетіле түсті. Мәселен, аналықтың, сондай-ақ жеміс дамитын жотынның болуы, қосарлы ұрықтану, гүлдің пайда болуы және тағы басқа.

Кайназой эрасы бұдан 70 млн жыл бұрын басталған. Осы уақыттан бері барлық эралар бойынша қазіргі кезден флораның қалыптасу процесі жүрді. Кайнозой эрасы екі дәуірге бөлінеді. Ол үштік және төрттік кезеңдер.

Үштік дәуірде тау құрылу процесі дами түсті. Жер бетіндегі ең биік Альпы-Гималай таулары пайда болды. Осы кезде Қара теңіз бен Жер Орта теңіздері оқшауланып өз алдына бөлініп қалған.

Төрттік дәуір жер бетінде тіршілік дамуының ақырғы және ең қысқа дәуірі болып саналады. Ұзақтығы 1 млн жылдай ғана болды. Бұл дәуірге тән жағдай – сол суық кезеңдер және мұз дәуірі жылы ылғалды ауа райымен алмасып отырғаны байқалады. Өйткені өсімдік әлемі мен жер қыртысының даму процесі біркелкі емес. Мұздар жер бетін басқан кезде жылылықты сүйетін өсімдіктер оңтүстікке қарай ығысып кетті. Бірте-бірте ауа райы жылынып, өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдайлар туды.

 

2.1. Биосферадағы тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар 

Тірі организмнің анорганикалық материядан пайда болуы жайында тікелей экспериментті түрде алынған материал болмағандықтан мұны шешу ғалымдарға оңай түскен жоқ. Идеалистер ең алдымен діни ұғымдарды таратуға ұмтылды. Тірі организмдер құдайдың құдіретімен пайда болды деген терминді ұсынды. Өсімдіктерді, жан-жануарларды, адамдарды өлі инертті заттардан қазіргі біздің көріп жүргеніміздей толық бейнелі түрінде құдай жаратты деп соқты. Грек оқымыстысы Аристотель де тірі организм өзінен-өзі кенеттен пайда болады дегеннен саяды. Адамзат құрттар, молюскалар немесе шіріген заттардан пайда болды деп түсіндірді. Бірақ Франческо Редидің жүргізген зерттеу жұмыстары, тірі организм өзінен-өзі кенеттен пайда болды деген ұғымды жоққа шығарды. Ол жас етті алып, оны стаканға салып, бетін дәкемен жауып қойды. Ешбір тірі заттың пайда болғаны болмайтынын дәлелдеп шықты.

Луи Пастер бактериялардың өршитін тұқымынан микроорганиздер дамитынын бірден білді. Сонымен тірі организм ешқашан да өзінен-өзі дамымайтыны белгілі болды.

Ф. Энгельс: «Табиғат диалектикасында» материалистік тұрғыдан тіршіліктің пайда болуының жалпы сипатын берді. Материал еш уақытта да тыныштық қалыпта болайтынын, ол үнемі қозғалыста болып, дамып отыратынын айтты. Материя өзінң дамуында әр уақытта жаңа күрделі түрге көшеді деп қорытынды жасады ол.

 

 

ІІІ. Биосфера және адамзат 

Адамзат баласы да табиғаттың өзі жаратқан көп ғажайып көріністерінің бірі. Бірақ адам баласының үстемділігі ақыл-ойының жүйріктігі оны табиғаттың басқа тірі организмдерінен әлдеқайда жоғары дәрежеде көтерді. Үстіне аң терісін, өсімдіктердің жапырағы мен қабығын жамылып күн елткен алғашқы адамдардың өзіде керекті қажетін биосферадан алып отырған. От жағуды білмегеннің өзінде адам баласы жабайы жануарлардың еті мен өсімдіктердің жапырақтарын, сабағы мен буын-бұтақтарын шикідей жеп, өсімдіктерді қорек етіп, өсіп-өне берді. Кейінірек тамақты пісіріп жеу арқылы адам басқа жабайы жануарлардың әлдеқайда жоғары сатыға көтеріле түсті. Сана-сезім, ақыл-ой ғасырлар өткен сайын үлкен эволюциялық даму кезеңдерінен өтіп жоғары мәдениет сатысына көтеріле берді.

Жер спутнигін, космос корабльдерін ұшыру, Ай мен Марсқа саяхат жасау қамын кірісу, атом кемесі мен атом электр энергиясын салу, екі-үш жылдың ішінде миллион гектар тың және тыңайған жерлерді игеру, шөлді жерге канал жүргізіп, жасанды көл жасау, мәуелі бау-бақша, саялы ну орман – тоғай өсіру, жер шарының түкпір-түкпірімен тікелей хабарласу – бәрі де бүгінгі заманның үйреншікті әдетіне айналып отыр. Бұл ғажайыптарды, әсіресе соңғы 20-30 жылдың ішінде көріп отырмыз. Сондықтан да біздің заманымызды ракеталар, космос корабльдері, компьютерлер ғасыры дейді. Мұның бәрі адамзат баласының зор қарқыны, қызу жарысы деген сөз.

Бірақ биосферадағы объектілер жойыла қалса, ол қалпына тез арада келе қоймайды. Мыңдаған және миллиондаған жылдарды қажет етеді. Мысалы, орман-тоғай алқабын кесіп, не оттап, не өртеп жойып жіберу оп-оңай. Арқыраған оғысы қатты өзеннің арнасын басқа жаққа бұрып жіберуге болады. Бірақ арнасындағы балық құриды, кеме жүзбейді, жағаларындағы ел көшіп кетеді, құс пен жабайы аңдар басқа жаққа ауып кетеді, жер құлазып қалады. Ұлан байтақ кең далаға мыңдаған тракторларды жауып жіберіп, жер қыртысын айналдырып, шаңын бұрқыратып қара дауыл тұрғызуға да адамза тбаласының шамасы әбден келеді.

Бірақ биосфера заңдарында бұлай болмайды. Мыс, жоғарыда көрсетілгендей, су тартылып, кеуіп қалған көл қалпына оңай келмейді. Миллион жыл уақыт кетеді. Биосферадағы пайда болып ғасырлар бойы шалқып жатқан айдын шалқар көлдің экосистемасы бұзылғаннан кейін қалпына келуі мүмкінде емес. Оның ішіндегі балығы, өсімдігі, климаты, арнасы, басқа да биосфералық құбылыстары адам танымастай өзгеріске ұшырап кетеді.

Саялы сыңсыған ну орман-тоғайсыз, айдын-шалқар көлсіз, арқырап аққан өзенсіз- жайқалып өскен шекарай шалғын шөпсіз, бітік шыққан егінсіз адамзат қоғамының шарықтап өсуі мүмкін емес. Сондықтан да біздің заманымызда биосфераны қорғау, оның байлығын, асыл қазынасын сарқып алмай, өте ұқыптылықпен, жанашырлықпен орынды пайдалану маңызды проблемаларға айналып отыр. Биосфераны «бағындыру» ғана емес, көп жағдайларда бүгінгі таңда биосферамен «достасу», оның заңдарымен келісу, санасы керек болады.

Демек, бұл адамға қажетті барлық заттардың бәрі де биосферадан алынады деген сөз.

 

3.1. Биосферадағы алғашқы шегіністер

 

Тіршіліктің биосферада пайда болғанына ғалымдардың есебі бойынша 5-6 миллиардтай жыл өтті. Ұзақ созылған бұл жылдар ішінде бір клеткалы қарапайым организмдерден құрылысы да, түр өзгешілігі де сан алуан өсімдіктер мен жануарлардың таңғажайып түрлері пайда болды.

Биосфера тармақ жайған тіршілік атырабына қожа болғандықтан иені жаратуға асыққан жоқ. Ақыры ол да пайда болды. Оның пайда болғанынан 1,5 млн жыл уақыт өтті. Бұл кезде оның үлесіне биосфера жануар әлемінің 4 миллионынан астам, өсімдіктердің 500 мыңнан астам түрлерін сый еткен.

Биосферада тіршілік пайда болғаннан бері қалыптасқан соншама бай түр иелерінің бәріне ортақ заң ережелері тым қатал еді.

Адам өз биосферасына сай қоғам құра бастағанына 10 мың жылдай ғана темір мен пайдалы қазбалардың пайдалана бастағанына 4-5 мың жыл өтті. Биосфераның шексіз емес, шар тәріздес екенінің дәлелдегенінен 5 ғасыр, биосфералық өзгертуге техникалық құралдардың пайдалана бастағанына 3-4 ғасырдай, реактивті двигательді игергеніне 40-50 жылдай уақыт, ол биосфераның планетасының көлемін алыстан алақанға салып қарағанда үлкен емес екендігі байқалды. Мұндай құбылысты тек 1958 жылдан бері қарай біле бастады. Бірінші рет жер бетінен ұзап шыққан адамзат баласы бірінші рет Гагарин Космоста «Біздің жеріміз қандай әсем» — деп айқайлады. Әрине алыстан сұлу көрінген жеріміз өз ортасында тым көркем. Бірақ оның алғашқы көркі қайда ығысып барады? Біздің өз қолымыздан өсірген ағаштар мен мал түліктер, тас үйлер мен техникалық алыптары қоршағанда біз бұрынғыдай боламыз ба?

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.      Ж.Ж. Жатқанбаев «Экология негіздері». Алматы 2003 ж

2.      В.И. Вернадский «Биосфера», М. 1967 ж

3.      А.А. Горелов «Концепции современного естествознания» М. 2002 ж

4.      М.С. Панин «Химическая экология» М. 2002 ж

Источник: www.sites.google.com

Тропосфера қабаты

Тропосфера қабаты бұл атмосфераның ең төменгі қабаты. Жер бетінен жоғарлаған сайын ауаның тығыздығы азаятындықтан бұл қабатта өте көп газ шоғырланған. Жердегі жануарлар мен өсімдіктер осы қабатта мекендейді. Құстар жоғары ұшса, осы тропосфера қабатында ұшады.

Тропосфераның қалындығы әркелкі болады. Экваторда 16-18 км, полюстерге жақын жерлерде 8-9 км, ал орталық белдеулерде 10-11 км шамасында болады. Бұның себебі ауа жылу жерлерде көбірек қызады да, көбірек ұлғаяды. Мысалы экваторларда. Ал суық жерлерде аз жылынады да, аз ұлғаяды. Мысалы полюстерде.

Стратосфера қабаты

Стратосфера қабаты шамамен жер бетінен 50-55 километр биіктікке дейін орналасқан. Бұнда ауаның тығыздығы тропосферамен салыстырғанда аздау болады. 10-35 км биіктікте озон көп тараған. Озон бұл жердегі тіршілікті ғарыштан келетің зиянды ультракүлгін сәулелерден қорғайды.

Мезосфера

Мезосфера қабаты бұл шамамен 80 км биіктікке дейін орналасады. Бұнда күміс тәріздес бұлттар пайда болады:

Күміс тәріздес бұлттар

Бұлар кәдімгі бұлттардан жоғарырақ орналасады.

Термосфера

Термосфера қабатында температура үлкен болады. Жоғары шекарасы шамамен 750 км ал сондағы температура +1000 0С жетеді. Термосфера қабаты иондалған газдардан құралған. Бұл қабаттан жерден жіберілген радиосигналдар шағылысады:

Ионосфера қабаты

Полюстерде Күннің әсерінен поляр шұғыласы пайда болады.

Экзосфера

Экзофера қабаты атмосфераның ең жоғарғы бөлігінде орналасқан. Бұнда температура шамамен 2000 0С градус ыстық деп ғалымдар болжайды. Атмосферадағы жеңіл газдар, сутегі мен гелий сияқты, осы қабаттар ғарышқа таралады.

Пән: География

Источник: alash.info


You May Also Like

About the Author: admind

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.