Таби5ат фото


Табиғат кешені. Құрлық пен мұхиттағы табиғат кешендері. Жер шарының табиғат жағдайларын сипаттау географиядағы негізгі ұғымдардың бірі – табиғат кешенімен тығыз байланысты.

Жер шарының табиғат кешендері алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Аптапты ыстық шөлдер мен мұз құрсаған суық аудандар, мәңгі жасыл ормандар мен ми батпақтар, таңғажайып таулар мен ұшы-қиырсыз кең жазықтар, көкжиекпен ұласқан ашық мұхит айдындары ғаламшар табиғатының қайталанбас бейнесін жасайды.

Жер бетіндегі бір-бірімен өзара күрделі тығыз байланыста әрекет ететін табиғат компоненттерінің (құраушыларының) біртұтас жүйесінің жиынтығы табиғат кешені деп аталады.

Табиғат компоненттері (лат. компонент – «құраушы») – географиялық қабықтың құрамдас бөліктері: тау жыныстары, ауа, су, топырақ, өсімдік, жануарлар дүниесі. Адам да табиғат компоненттерінің бірі.

Табиғат кешенін құрайтын жеке компоненттер (құраушылар) бір-бірімен тығыз байланысты.


ардың біреуінің өзгерісі міндетті түрде басқаларының өзгерісін туғызады. Мысалы, орман алқабының ағаштарын кессе, онда тіршілік еткен құстар мен аңдар басқа жаққа қоныс аударады. Атмосфера құрамына қосылатын оттегі мөлшері азаяды. Ағашсыз алқаптарда желдің соғуы күшейіп, топырақтың беткі құнарлы қабатын ұшырып, зиян келтіреді. Судың топыраққа сіңіп үлгермеуінен жерасты суының деңгейі төмендеуі мүмкін. Топырақ құрғайды. Бұл табиғат кешені түгелімен өзгеріп, басқа табиғат кешені қалыптасады.

Жер шарындағы ең ірі табиғат кешендеріне географиялық қабық, материктер мен мұхиттар және табиғат зоналары жатады.

Материктердің экватор маңындағы жылу мен ылғалды көп алатын бөліктерінде географиялық қабықтағы табиғат үдерістері анағұрлым тез жүреді. Мұнда тіршілік дүниесінің түр құрамы мен саны өте көп. Ал полярлық аудандарда керісінше, табиғат үдерістері баяулап, тіршілік дүниесі біршама азаяды. Бір ендік аумағында да табиғат жағдайлары өзгеріске ұшырайды, ол жер бедері мен мұхиттың алыс-жақындығына тәуелді болады. Сондықтан географиялық қабық табиғатының ішкі айырмашылықтарына байланысты, алып жатқан ауданы әртүрлі аумақтық табиғат кешендеріне жіктеледі.

Құрлықтағы табиғат кешендері бірнеше табиғат компоненттерінің өзара әрекеттесуі нәтижесінде ұзақ уақыт аралығында қалыптасады. Табиғат кешендеріндегі барлық компоненттер географиялық қабықтағы тәрізді, бір-бірімен өзара тығыз байланыста болғандықтан зат пен энергия алмасуы жүретін біртұтас жүйені құрайды. Әрбір табиғат кешенінің өзіндік нақты шекарасы бар. Сонымен қатар олардың сыртқы көрінісі де айқын ажыратылады.


Құрлықтың табиғат кешені ірі табиғат аймақтары мен шағын бөліктерден тұрады. Ірі табиғат аймақтарына Шығыс Еуропа жазығы, Тянь-Шань тау жүйесі, Амазонка ойпаты, Сарыарқа аласа таулы өлкесі, т.б., ал шағын табиғат кешеніне орман, батпақ, көл жағасы, өзен жайылмасы жатады.

Мұхиттың табиғат кешендері құрлықтық кешендерге қарағанда нашар зерттелген. Алайда мұхиттар әлемінде де құрлықтағыдай аймақтық заңдылықтың сақталатыны белгілі. Дүниежүзілік мұхит аймақтарында ендік және тереңдік сақталған.

Мұхиттағы табиғат кешендерінің құрлықтағыдан айырмашылығы бар. Олар әртүрлі еріген газ және тұз қоспаларынан тұратын су массаларынан, тіршілік дүниесінен, мұхит табаны жер бедері мен түпкі шөгінділерден және т.б. компоненттерден тұрады.

Дүниежүзілік мұхит жекелеген мұхит айдындары және олардың бөліктері болып саналатын теңіз, шығанақ, бұғаз сияқты табиғат кешендеріне жіктеледі. Сонымен қатар мұхитта тереңдікке қарай ажыратылатын табиғат кешендері де бар.

Мұхит суы тереңдеген сайын жылу мен жарық мөлшері кеми береді, бірақ мұнда да тірі заттар (ашық түсті губкалар, теңіз лалагүлділері) және қанаттарынан жарық шығаратын таңғажайып жыртқыш балықтар ұшырасады. Олар мұхиттың жоғарғы қабатынан келетін суды тазартады. Терең су жануарлары төмен температураға, жоғары қысымға және қараңғылыққа бейімделген.


Географиялық қабық – Жердің ерекше кешенді қабығы. Атмосфера, литосфера және гидросфераның тоғысып, бір-біріне әсер етуінің нәтижесінде Жердің ерекше қабығы – географиялық қабық түзілді. Географиялық қабық Жерде тіршіліктің пайда болуына және дамуына қажетті жағдай тудырды.

Сонымен, географиялық қабыққа литосфераның басқа қабаттарының әсерінен өзгерген жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі қабаты, бүкіл гидросфера және биосфера жатады.

Географиялық қабыққа тән бірнеше ерекшелік бар. Жер қабықтарының әрқайсысы бір ғана заттан (атмосфера – ауадан, гидросфера – судан, литосфера – тау жыныстарынан, биосфера – тірі ағзалардан) тұрады. Ал географиялық қабықтың заттық құрамы күрделі. Оған аталған заттардың бәрі де кіреді. Сондықтан ол кешенді сипатқа ие болады.

Ағзалар тек қана географиялық қабықта тіршілік етеді. Атмосфераның жоғарғы қабаты мен литосфераның терең қойнауына тіршілік таралмайды. Жерге күн сәулесімен келетін жылу түгелдей дерлік географиялық қабыққа шоғырланады. Оған жылу мөлшерінің белдеулер түрінде таралуы тән. Атмосфераның жоғарғы қабатында немесе литосфераның терең бөлігінде жылу бұлайша белдеулік заңдылықпен таралмайды.

Источник: ikaz.info

Мамыр айының ортасына таман «Жасыл орман» («Зеленый бор») шипажайында он күн демалып қайттым.


ктемнің соңғы айы салқындау, жауынды болды. Ара-арасында жылт етіп күннің көзі көріне қалса, өңірді аралаймын, өзен-көл, орманды кезіп кететін кездерім көп. Сол қыдырудан көргенім, тау-тас, орман-ағаш қарап тұрсаң өзінше бір әлем, тіпті ағаш тамырларының өзі сурет, егер қыбын тауып, ретін келтірсең. Әр тамыр өзінше бір бейне. Ағаштан да сурет табуға болады екен. Тек фотоаппаратыңды дұрыс пайдалана білсең. Менің фотоаппаратым – қалтафоным. Кедір келіңкіремеген «бейнелерді» жан-жағынан айналдырып жүріп белгісіз бір аңның, басқа бір жәндіктің бейнесіне келтіріп ала қоямын. Сіздер де көріңіздер, бір заттың пішініне енбей қалған суреттер болса, кешірім өтінемін. Суретшілік шеберлігімнің жетіспегені шығар. Кәсіби фотосуретші емеспін.

Енді мен «салған» суреттерге көз салыңыздар.

Таби5ат фотоТаби5ат фотоТаби5ат фотоТаби5ат фотоТаби5ат фотоТаби5ат фото
Таби5ат фотоТаби5ат фотоТаби5ат фотоТаби5ат фотоТаби5ат фотоТаби5ат фото

Источник: yvision.kz

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.

Адам — табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы — Көкшетау», «Жер жаннаты — Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.

Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.

деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.


Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.

Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы — осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.

Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.

Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.

Физика басқа да жаратылыстану ғылымдарымен өзара тығыз байланыста болады. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады. Сол сияқты биологияда физика заңдарын пайдаланып, хайуанаттардың қалай қозғалатынын және көру мүшелерінің қалай жұмыс жасайтынын түсіндіреді.

Сондықтан физика заңдары мен құбылыстарын инженерлер, конструкторлар, дәрігерлер, агрономдар, көлік жүргізушілер және т.б. көптеген мамандар оқып пайдаланады.

Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады.


Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар — күн мен түннің ауысуын және Күннің түтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады.

Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады.

Ертеде адамдар күн мен түннің алмасуын Жерді төңіректеп Күннің айналуынан деп қате түсіндірген. Шындығында, Жер бір жылда (365 тәулікте) Күнді бір рет айналады. Жыл мезгілдерінің ауысуы Жердің Күн төңірегіндегі қозғалысына байланысты туындайды.

Күннің түтылуы да табиғат құбылыстарының бірі болып табылады.Ал табиғатпен адам қатар ұғым. табиғатсыз адам , адамсыз табиғат өмір сүруі мүмкін емес. Себебі адам өз керектісін, қажеттісін табиғаттан табиғи күйінде немесе өндіріп алады. Адам табиғаттын бір бөлшегі болып табылады. Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау болашақ жастар біздің қолда

Источник: kk.wikipedia.org

Әр таң сайын «Қазақстан» Ұлттық арнасының шымылдығын ашатын «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы жаңа маусымын бастады. Үш сағат бойы тікелей эфирде сан алуан тақырыпты қамтып, ұланғайыр қазақ даласының түкпір-түкпіріне ән мен жырдан шашу шашады.
Әсерлі әңгіме, әуезді ән, қызықты дерек, танымдық сюжет, әлемдік ақпарат, жағымды жаңалық — мұның бәрі «Таңшолпанда».


табиғат
табиғат туралы
табиғат шығарма
адам табиғат
табиғат суреттері
табиғат реферат
табиғат туралы шығарма
табиғат ресурстары
табиғат кешені
адам және табиғат
табиғат мақал
табиғат лирикасы
табиғат туралы мақал
табиғат өлеңдер
мақал мәтелдер табиғат
табиғат туралы өлеңдер
табиғат тәрбие сағаты
табиғат құбылыстары
мақал мәтелдер табиғат туралы
сабақ жоспары табиғат
күзгі табиғат
табиғат слайд
табиғат тақпақтар
табиғат туралы тақпақтар
табиғат зоналары
абайдың табиғат лирикасы
табиғат өлеңдері
табиғат кешендері
табиғат аясында
тірі табиғат
суреттер табиғат туралы
табиғат бұрышы
табиғат пайдалану
қазақстанның табиғат
табиғат туралы реферат
табиғат байлықтары
жұмбақтар табиғат
табиғат туралы жұмбақтар
көзге табиғат
табиғат фото
экология табиғат
өлі табиғат
өлең табиғат туралы
табиғат туралы сөздер
табиғат суреті
табиғат қазақстан
табиғат апаттары
табиғат әлемі
табиғат дегеніміз +не
табиғат құбылыстары туралы
қызық
махаббат қызық мол жылдар
ең е.
номері
қызық өлеңдер

Источник: www.youtube.com


You May Also Like

About the Author: admind

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.